Еуропа одағы елдерінен елге кіретін жүкке қатысты қандай ереже бар?

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі шетелдік тасымалдаушыларға Қазақстанға ЕО елдерінен әкелінетін жүктерге арналған ережелерді сақтауды ескертті.

Қазақстан аумағына Еуропадан тіркемелі жолмен әрі шамадан тыс жүктемемен тасымалданатын жүктерді жеткізу кезінде шетелдік тасымалдаушыларда тиісті үлгідегі екі рұқсат бланкісі болуы керек.

Ресей және Беларусь жүк тасымалдаушыларына Еуропалық Одақ тарапынан енгізілген санкция шектеулеріне байланысты бүгінде кәрі құрлық елдерінен Қазақстанға тасымалданатын жүктердің басым бөлігі шамадан тыс жүктемемен Беларустың шекаралық аймақтарында орналасқан терминалдар арқылы жүзеге асырылып жатыр,

делінген министрлік таратқан хабарламада.

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен ішкі заңнамасына орай осы жолмен жүк тасымалын жүзеге асыру кезінде шетелдік тасымалдаушыда өзімен бірге тиісті үлгідегі екі рұқсат бланкісі болуы керек:

  • бірінші бланкіні тасымалдаушыға шекаралық терминалға дейін жүк жіберген тарап береді;
  • екінші рұқсат бланкісі тіркемелі жолмен енгізілген жүктерді терминалда тиелген кезде беріледі. Ол рұқсаттама құжаты тиісті жүк Қазақстан аумағына енгенше жарамды болады.

Жүктерді үшінші елден шамадан тыс жүктемемен тасымалдау кезінде шетелдік тасымалдаушылар тарапынан шарттар жүйелі әрі жиі бұзылып жүр. Осыған байланыстыҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп қызығушылық танытқан құзырлы органдар мен шетелдік ұйымдарға хабарлама жіберді.

Үшінші елдерден шамадан тыс жүктемемен әкелінетін тауарларға рұқсаттама беру жүйесін қолдану ережесі мен оны тасымалдаушыларды қадағалауы туралы ескертпелер ЕО, ЕЭО, ТМД елдері мен Украина және Грузияға жолданды.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago