Геннадий Головкин Сауль Альвареспен трилогиясын аяқтады. Енді ол орта салмақтағы келесі қарсыласын анықтауы керек.
Трилогиядан кейін GGG өзінде орта салмақтағы үш белбеу бар екенін, ол әлі де чемпион екенін еске салған еді. Шынында да, боксшы WBA Super және IBF нұсқалары бойынша — чемпион.
Кәсіби бокс ережесі бойынша, Генадий Головкин 5 күн ішінде енді кіммен жұдырықтасатынын шешуі керек. WBA Super міндетті түрде қорғауға келісуі керек. Бұл үшін WBA World белбеуінің иесі 39 жастағы кубалық боксшы Эрисланда Ларамен (29-3-3, 17 КО) рингке шығады. Болмаса, белбеуді жекпе-жексіз бере салуы қажет,
деп жазды Vringe.com сайты.
Бұған дейін Головкин мен Альварес жекпе-жегі қалай өткенін жазған едік.