Иран шахмат федерациясының басшысы Хасан Тамини Алматыда шахматтың рапид пен блиц түрінен әлем чемпионатына қатысқан Сара Хадем жарысқа Иран атынан бармағанын айтты.
Мұндай мәлімдеме шахматшы турнирге хиджабсыз шыққаннан кейін айтылды.
Хадем чемпионатқа Иран Федерациясы арқылы емес, өз бетінше және өз есебінен барды. Ол біздің еліміздің атынан шыққан жоқ. Бірақ біз бұл шахматшыдан мұндай әрекетті күткен жоқпыз, өйткені ол барлық стандарттарға сәйкес алдыңғы турнирлерге қатысқан,
деді Хасан Тамини.
Иранда әйелдерге хиджаб кию заң бойынша міндеттелген.
Еске салайық, Ирандық шахматшы блицтен әлем чемпионатына Иран билігі киюді талап ететін орамалды тақпай қатысқан. Ол жарысқа қатысатын жалғыз ирандық әйел.