Иранда наразылық акциясын қолдаған танымал актриса қамауға алынды

Иран билігі елдің ең танымал актрисаларының бірі Таране Алидоустиді қамауға алды. Актрисаға елдегі жалпыұлттық наразылықтар туралы жалған ақпарат таратқаны үшін айып тағылған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Еuronews басылымына сілтеме жасап.

«Коммивояжер» фильмінің жұлдызы Instagram-да үкіметке қарсы демонстранттың өлім жазасына кесілгенін айыптаған жазбасын жариялаған. Бірнеше күннен кейін актриса ұсталды. Қарашада әлеуметтік желіде актриса наразылық білдірушілермен бірлесе отырып, хиджабсыз түскен суретін жариялады.

Еске салайық, Иранда хиджабты дұрыс кимегені үшін қамауға алынған Махса Амини қайтыс болғаннан кейін қыркүйектің ортасында наразылықтар басталды. Көп ұзамай акциялар бүкіл елге тарады.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, шеруді басып-жаншу кезінде қауіпсіздік күштері кем дегенде 495 демонстрант өлтірген. 18 мыңнан аса адам қамауға алынып, 11-і өлім жазасына кесілді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago