Юлия Путинцева Торонтода (Канада) өтіп жатқан турнирдегі ойынын аяқтады. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы хабарлады.
Теннисші әлемдік рейтингіде 46-орында тұр. Торонтодағы турнирде ширек финалда әлемнің жетінші ракеткасы америкалық Джессике Пегуледен 3:6, 3:6 есебімен ұтылды.
Содан кейін америкалық София Канинмен бірге жұптасып ойнау сайысында Мэдисон Киз (АҚШ) бен Сане Мирзе (Үндістан) жұбынан жеңілді. Есеп — 5:7, 6:3, 6:10. Жұптар жартылай финалған шығу үшін сайысқан еді.
Юлия Путинцева бұл турнирді әлемнің 299-ракеткасы канадалық Кэтрин Себовты жеңуден бастады. Содан кейін әлемнің үшінші ракеткасы испаниялық Паула Бадосаны сенсациялық түрде жеңді. Ал 1/8 финалда әлемнің 35-ракеткасы америкалық Элисон Рисктен екі сетте де басым түскен еді.