2023 жылдың 7 қыркүйегіндегі жағдайға сәйкес, көлік құралдарына салынатын салық бойынша салық берешегі бар жеке тұлғалардың жалпы саны 328 611 адамды құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Көлік құралына салынатын ең жоғары төлем қозғалтқыш көлемінен бес литрден жоғары. Оған салық мөлшерлемесі 200 айлық есептік көрсеткіштен асады.
Салық төлемінің ең жоғары сомасы 2022 жылы Алматы қаласында 625 200 теңгені құрады.
Ведомство мәліметінше, көлік салығын төлемеген қазақстандықтардың 1 013 көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылған.