Жақында президент министрлер кабинетінің жұмысын сынға алып, кейбір министрге тіпті сөгіс жариялады. Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев кадрлар ауыстырылуы мүмкін екенін айтып та қорқытты.
Премеьер министр Әлихан Самайылов Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкіметті сынағанына пікір білдірді.
Мемлекет басшысының тапсырмасын нәтижелі етіп орындау керек. Кеше президент біздің жұмысымызға қатысты аса байыпты сын айтқанын атап өтейін. Барлық меморган, әкімдік және квазимемлекеттік сектор белсенді болуы керек. Бірінші жетекші тапсырманың әр пунктін жеке бақылауына алсын,
деді министрлер кабинеті басшысы.
Ол халықтың әл-ауқатына тікелей әсер ететін барлық жоба мен бағдарламаның жергілікті жерде жүзеге асырылып жатқанын айтып өтті. Сондықтан министрлер мен әкімдер өзара нақты байланыс орнатып, әрбір мәселені бірлесіп шешуі керек.
Жалпы, бүкіл үкіметтің жұмысы әрқайсымыздың нәтижелі жұмысымызға байланысты. Ел экономикасы дамып, азаматтарымыз өмір сүру сапасының жақсарғанын сезінуі үшін біз екі еселенген күш-жігермен бірге жоспарланғанның бәрін жүзеге асыруымыз керек,
деп сөзін аяқтады Әлихан Смайылов.