Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Самұрық-Қазынаның» бар жұмысы – басшыларға бонус беру
04.10.2023
Аффирмация мен медитация расымен өміріңді өзгертеді
04.10.2023
«Ақ параққа жазып бақытымды тіледім»: 46 жасында ұзатылған әйел желіні шулатты
04.10.2023
Алматы облысында зорланған егіз қыздың анасы қамауға алынды
04.10.2023
Елде уахабистерге жағдай жасауға көмектесетін мемлекеттік қызметкерлер бар
04.10.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Әдебиет > Kitap Fest Almaty кітап фестивалінде 5 мың кітап тегін таратылды
Әдебиет

Kitap Fest Almaty кітап фестивалінде 5 мың кітап тегін таратылды

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 11.09.2023
Обновлено 11.09.2023 в 02:09
Поделиться
Поделиться

2023 жылы 9 қыркүйекте Алматыда BAURZHAN foundation қоры ұйымдастырған Kitap Fest Almaty кітап фестивалі өтті. Қазақстанның халықаралық деңгейдегі алғашқы кітап фестивалі болып табылатын мәдени-бұқаралық іс-шара Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының және Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қолдауымен 2014 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді.

BAURZHAN қорының құрылтайшысы, кітап фестивалінің негізін қалаушы Жұлдыз Омарбектің айтуынша, Kitap Fest-шығармашыл және дарынды адамдарға арналған  бірегей алаң. Биыл қала күніне тұспа-тұс келген Kitap Fest Almaty фестивалінің тақырыбы: «Ұлттық әдебиет. Ұлттық тіл. Ұлттық дәстүрлер».

9 жыл ішінде Kitap Fest алматылықтар үшін ең сүйікті шараға айналды. Елорда күніне орай біз шілде айында кітап фестивалін Астана қаласында екінші рет өткіздік. Оқу мәдениетін ілгерілетуге арналған біздің фестиваль, жазушылар мен олардың оқырмандары үшін бірыңғай алаң құрып, балалар мен жастар арасында кітапқа деген қызығушылықты арттыру болып табылады. Кітап фестивалі-қазақстандық жазушылармен кездесулерден бастап балаларға арналған танымдық шеберлік сабақтарына дейінгі интерактивті орта. Біз халықты оқуға тарту, кітаптың, мәдениет пен білімнің маңызын арттыру, қазақстандық жазушылар мен олардың әдеби шығармаларын насихаттауға жәрдемдесу үшін жұмыс істеп жатырмыз»,

деп атап өтті Kitap Fest кітап фестивалінің бас үйлестірушісі Майра Әлжанова.

Алматы кітап фестивалі кітап сүйер қауым үшін ауқымды бағдарлама дайындады: отандық жазушылар жаңа кітаптарын таныстырды. «Оффлайн кітаптар туралы» шатырында танымал жазушылар, қоғам қайраткерлері мен блогерлер пікір алмасты. Алматылықтарға иллюстрацияланған кітап көрмесі, шеберлік сыныптары, түрлі байқаулар мен акциялар, Қазақстанның ірі баспалары мен кітап дүкендерінің жәрмеңкесі ұсынылды. Баспагерлер және кітап дүкендері өз өнімдерін көрмеде 30% — ға дейінгі жеңілдікпен сатты. Биылғы жылы кітап фестивалінде 50-ден астам кітап дүкендері мен баспалар өз өнімдерін ұсынды. 28 жаңа кітаптың тұсауы кесілді.

Фестивальде  40-қа жуық пікір көшбасшылары сөз сөйледі: Досым Сәтбаев, Ділдәр Мамырбаева, Елдос Тоқтарбай, Бейбіт Сарыбай, Смағұл Елубай, Абылай Юсупов, Мұхамеджан Тазабек және басқа да көптеген танымал тұлғалар қазіргі әдебиеттегі үрдіс жайлы сөз қозғады.  Сондай-ақ, жазушылар «Менің алғашқы ертегілерім», «Как оседлать единорога?», «Tarmaqtar» және басқа да жаңа кітаптардың тұсаукесері өтті.

Белгілі қазақстандық қоғам қайраткері, саясаттанушы, публицист, баспагер Досым Сәтбаев Павел Коктышев және Әлім Хамитовпен бірге «Как оседлать единорога?» кітабының тұсауын кесті. Оның пікірінше, онжылдықта Kitap Fest шығармашыл тұлғалар мен кітапсүйер үшін беделді және қуатты алаңға айналды.

Жаңа Қазақстанға оқитын және білімді жастар қажет. Сондықтан мұндай іс-шараларды өткізу өте маңызды.  Кітап оқитын адам сана көкжиегін кеңейтеді, логикасын, ойлауын дамытады, есте сақтау қабілетін жақсартады. Осы ретте, Kitap Fest көптеген адамдарды біріктіріп қана қоймай, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып жүр. Сіздерге қажырлықпен қатар, кітап оқуды насихаттау, оқу мәдениетін қалыптастыру   жолында зор табыстар тілеймін,

деді жазушы.

Сонымен қатар, фестиваль қонақтары әкелінген кітаптармен алмасуға, ұнаған кітаптарды жеңілдікпен сатып алуға немесе оларды толығымен тегін алуға мүмкіндік алды. Биылғы жылы кітап фестивалінде әр түрлі жанрдағы 5000 кітап келушілерге тегін таратылды.

Балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасында  аниматорлар, аквагрим мен түрлі қызықты байқаулар мен викториналар келген қонақтарға тамаша көңіл-күй сыйлады.

Дәстүр бойынша фестивальде «Ауылға кітап» акциясы өткізілді, онда кез-келген оқырман өз кітабын әкеліп, Қазақстанның ауылдық кітапханаларына тапсыруға ат салысты. Биылғы фестивальде 3 мыңға тарта кітап жиналды.

Анара Бауыржанқызы 11.09.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Самұрық-Қазынаның» бар жұмысы – басшыларға бонус беру
  • Аффирмация мен медитация расымен өміріңді өзгертеді
  • «Ақ параққа жазып бақытымды тіледім»: 46 жасында ұзатылған әйел желіні шулатты
  • Алматы облысында зорланған егіз қыздың анасы қамауға алынды
  • Елде уахабистерге жағдай жасауға көмектесетін мемлекеттік қызметкерлер бар

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Әдебиет

Сөздік жасаудың салмағы: Латын әліпбиі сөздіктер саласына кері әсер ете ме?

06.09.2023
Әдебиет

Астанада ұлы ойшыл Ибн Синаның бюсті ашылды

25.08.2023
Әдебиет

Екеуара хайп: Саидмурад Довлатов Жазушылар Одағына мүше болды

11.08.2023
Әдебиет

Қазақстан халқы Абай күнін тойлап жатыр

10.08.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?