Литва, Латвия, Эстония мен Польша орыстарды өз еліне кіргізбейді

Қолында жарамды Шенген визасы бар Ресей азаматтарына 19 қыркүйек сағат 00:00-ден бастап осы елдерге кіруге тыйым салынды.

Эстония 19 қыркүйектен бастап Шенген визасы бар ресейлік туристерді елге кіргізбейтінін жариялады.  Бұл туралы 8 қыркүйекте елдің сыртқы істер министрі Урмас Рейнсалу мәлімдеді. Министрдің сөзінше, Эстониядан я Еуропа одағынан Шенген виза алғандар 19 қыркүйек түнгі 12-ден бастап Эстонияға кірмейді.

Литва Сеймінің 13 қыркүйектегі шешімі күшіне енді. Украинадағы оқиғаларға байланысты төтенше жағдай 15 желтоқсанға дейін ұзартылды, енді Ресей азаматтарының қолдарында жарамды визасы болса да, елге кіруге тыйым салынады.

Бұл норманы Польша мен Балтық жағалауындағы басқа елдер де қолдады.

Шенген визаңыз болса да Эстонияға келмеңіздер, мұнда сіздерді ешкім күтіп тұрған жоқ,

деді Рейнсалу Таллиндегі баспасөз мәслихатында.

Шектеу тек туристік виза алғандарға қойылады, ал Еуропа одағына отбасылық және гуманитарлық себеппен кіретіндерге шектеу жоқ.

Ресей Украинаға басып кірген тұста Еуропа одағындағы елдер Еуропалық комиссиядан ресейлік туристерді Шенген аймағына кіргізуге тыйым салуды сұраған. 1 қыркүйекте Прагада өткен ЕО елдерінің жиынында министрлер ресейліктерді Еуропаға кіргізуге тыйым салуға келісе алмады. Бұған Батыс Еуропа елдері, соның ішінде Германия, Грекия, Кипр, Португалия және Франция қарсы шықты. Оның орнына Еуропа одағы Ресеймен жеңілдетілген жолмен виза беру келісімін жою туралы ұйғарымға келді. Бұл шешімнен соң ресейліктерге виза беру шарты қиындайды және виза құны екі есе өседі.

Латвия, Литва, Финляндия және Эстония ресейліктерді елге кіргізуге толық тыйым салуды қарастырамыз деген. Бірақ Хельсинки шектеу ЕО деңгейінде салынуы керек деп, бұл идеядан бас тартты. Дегенмен Финляндия ресейліктерге беретін визаны азайтты.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago