Белгілі адвокат Жангелді Сүлейманов Білім министрлігі одан да маңызды мәселелерді шешудің орнына, пайда әкелмейтін реформаларға көп назар аударады деп санайды.
Бір күн бұрын Білім министрлігі білім саласындағы өзгерістер туралы хабарлады. Бұл әр өңір үшін бірыңғай мектеп формасын енгізу және жазғы демалысты бес күнге қысқарту. Белгілі адвокаттың пікірінше, министрлікте бұдан да өзекті мәселе шаш етектен.
Заң бойынша, кез-келген сыныпта 25 оқушыдан аспауы керек. Өйткені, оқушы санының көптігі білім алу деңгейін төмендетеді. Біздің мектептерде бұл сақталмайды. Бір сыныпта 45 оқушы отыратын жағдайлар бар!
Заң бойынша «екінші ауысым» деген ұғым жоқ. Барлық бала таңертеңнен түске дейін оқуы керек, барлық дамыған елде солай. Бізде екінші ауысым ғана емес, тіпті үшінші ауысым бар,
деп нақтылады Сүлейманов.
Сонымен қатар, заң бойынша, әр мектепте унитазы бар дәретханалар болуы керек, ал бізде кейбір білім беру ұйымдарында көше дәретханалары жұмыс істейді.
Күнделікті оқу жиынтығының салмағы әртүрлі жас топтары үшін белгілі бір стандарттан аспауы керек. Бұл да сақталмайды. Бұл заң бұзушылықтар Білім министрлігі тарапынан жасалады.
Осыған байланысты балалар қажетті білім алмайды, бұл түлектердің жартысына жуығы ҰБТ-да ең төменгі балл жинай алмаған тестілеу нәтижелерімен расталады. Қалыпты қоғамда ата-аналар осы заң бұзушылықтардың барлығын сотқа берер еді. Бізде ата-аналар балаларының қажетті білім ала алмайтынымен үнсіз келіскен, демек ересек өмірде лайықты өмір сүре алмайтындығымен де келісіп отыр,
деп қорытындылады Жангелді Сүлейманов.
Бұған дейін Білім министрлігі оқушылардың жазғы демалысын 5 күнге қысқартуды талқылап жатқаны туралы және әр өңірдің өзіне тән мектеп формасы болатыны туралы хабарлағанын жазған едік.