Орманда атылған тұрғын: әрекет етпеген бұрынғы учаскелік инспектор ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында бұрынғы учаскелік инспектор қасақана жасалмаған кісі өлімі ісінде әрекетсіз болды деген күдікке ілініп, ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Өңір прокуратурасы дерегінше, 11 шілдеде Жамбыл ауданы ауруханасында оқ-дәрі қаруынан Бауман ауылында тұратын 51 жастағы әйел қайтыс болған.

Әйелдің 65 жастағы ауылдасы ұсталып, оның әрекеті «Абайсызда кісі өлтіру» және «Атыс қаруын заңсыз сақтау» баптары бойынша сараланды,

делінген хабарламада.

Оған қоса, ҚР ҚК-нің 370-бабының 4-тармағы «Қызметтегі әрекетсіздік» бойынша қылмыстық құқық бұзды деген күдікпен Жамбыл ауданы, Озерное ауылы учаскелік полиция бөлімінің бұрынғы учаскелік инспекторы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алдын ала анықталғандай, күдікті полиция қызметкері бола тұра, абайсызда кісі өліміне әкеп соққан қылмыс жасаған адамға жақын жүре тұра, ауыр зардаптарға жеткізген қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша өзінің қызметтік міндетіне жататын әрекет етпеген,

деді прокуратурада.

Облыс полицейлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Сот сараптамалары тағайындалды. Күдіктілер әрекетіне қатысты қорытынды сараптаулар терегу аяқталған соң белгілі болады.

Еске салайық, Солтүстік Қазақстан облысының Алтынай Мұздақбаева деген тұрғыны Бауман бекетінен 3 шақырым жерде жаралы күйінде табылған еді. Кейін белгілі болғандай, ол орманға жидек теруге барып, бірақ жергілікті аңшылар атқан оқтың астында қалған. Ол ауруханаға жетпей көлікте қайтыс болды.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago