Тілсіз жау бірнеше күннен бері қостанайлықтарды әбігерге салды. Кеше Қостанай облысы бойынша жергілікті ауқымдағы ТЖ жарияланды. Облыс әкімдігінің резервінен зардап шеккендерге көмек көрсетілді. Тұрғындар жатын орын және тамақпен қамтамасыз етілді. 1800 адам эвакуацияланды. Мектептерде 200-ге жуық адам тұрақтады. Көбісі қауіпсіздігін тексеріп өз үйлеріне оралды, қалғандары туыстарының үйін паналайтын болды. Осы орайда, Қостанайдағы өрт туралы сарапшылар түрлі пікір білдірді.
Мысалы, саясаттанушы Асхат Қасенғали ресейлік БАҚ-тың Қостанайдағы алапат өрт жайлы не жазып жатқанына шолу жасады.
Қостанайда өрт болып жатыр. Осы сәтте ресейлік бірқатар арналар былай дейді: «Қазақстанның солтүстігіндегі Қостанай өңірінде орман мен астықты алқапта өрт болып жатыр. Кей елді-мекендерде түсініксіз жағдайда өрт басталған, зардап шеккендер, қаза болғандар бар. Облыс орталығы Қостанайға апаратын басты жол жабылған. Айта кету керек, бірнеше күн бұрын Лисаковск маңындағы саяжайда 600 жуық үй отқа оранды. Фермерлер қазір астық жинайтын сәтте, өрттің шығуы кездейсоқ болмауы мүмкін дейді.
Ал енді 2022 жылы астыққа байланысты әлемде үлкен өзгеріс болды. Ресей мен Украина астықтың әлем нарығына 25-30 пайызын беретін елдер еді. Ресей Украина порттарын бұғаттап, астық алқаптарын өртеп, басқыншылап алған аймақтағы астықты Ресейге тасып, Сирияға жөнелтіп, ашық қарақшылықпен айналысуда. Кейін Ресей әлемде астық тапшылығын жасап, сол арқылы өзіне салынған санкцияларды жеңілдетуге тырысты. Әлі тырысып жатыр.
Айтпақшы, Қазақстан астық пен ұн экспорттауға қойылған біршама шектеулерді алу бойынша шешім қабылдады. Ол шешім күшіне 10 қыркүйекте енуге тиіс. Биыл 13 млн тонна астық жинау жоспарлануда, өткен жылғыдан 12 пайызға артық. Ішкі тұтынуға 6.5-7 млн тонна кетеді, қалғаны сыртқа. 50 пайызы экспортқа деген сөз ғой. Осындай сәтте өрт… Астықты өңірде өрт…
деп Facebook парақшасында жазба қалдырды.
Facebook желісінде белсенді Самат Нұртазаұлы бұл өрттің қасақана болуы мүмкін деген ойын жасырмады.
«Бізде бірде-бір облыс мұндай өртке, су тасқынына дайын емес. Мақтаарал ауданындағы су тасқыны, облыс әкімдігі сиырлар мен жылқылардың су астында жүзіп жүргені еске түсіп тұр. Брожилет киіп алып, адамдармен сөйлесу үшін ақыл керек емес.
Енді міне мемлекет басшысы келер алдында Қостанайда өрт шығып жатыр. Бұл сәйкестік пе? Астыртын әрекет пе? Мүмкін, бұл біреу үшін ыңғайсыз адамның 150 жылдық мерейтойына қатысы бар шығар? Әрине, тосын жағдайлар болады, бірақ…
деп «арғы жағын ішің білсін» дегендей сөйлемінің соңына көп нүкте қойды.
Ресми органдар болса, өрттің неден шыққанын әлі толық анықтаған жоқ.
Еске салсақ, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккен азаматтармен кездесті. Президент өрт шалған аймақта зардап шеккен азаматтардың бәріне қажетті көмек берілетінін айтты. Қазір Үкімет тиісті мәселелерді шешу жұмыстарымен айналысып жатыр. Табиғи апатты жою үшін барлық қажетті шаралар қабылданған.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…