Полицей ШҚО-да жоғалған баланы қалай тапқанын айтып берді

Ішкі істер министрі жоғалған баланы тапқан полицей Тілек Ерлібековты марапаттады. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов кәмелетке толмаған Темірлан Ахметжановты іздеуге қатысқандардың еңбегін жоғары бағалап, алғыс білдірді.

Әр минут санаулы еді. Бала табылған шұңқырдың тереңдігі үш метр болды. Түнгі уақытта температураның төмендігін ескеретін болсақ, оқиға қайғылы аяқталуы мүмкін еді. Қазіргі уақытта іздеу операциясы аяқталды. Іздеуге 400-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылды.ШҚО ПД арнайы жасағының қызметкері Тілек Ерлібековтың қырағылығының арқасында бала аман-сау табылды,

делінген ведомство таратқан хабарламада.

Тілек Ерлібеков 12 жасар Темірланды қалай тапқанын айтып берді:

Басшылықтың бұйрығы бойынша 11-сектор маған бұйырылды. Іздестіру барысында барлық ғимарат пен шұңқырды қарастырдым. Шұңқырлардың бірінен баланы таптым. Бала өз еркімен шықпайтынын байқадым. Баланы шұңқырдан алып шықтым. Дені сау, аман-есен. Ата-анасына тапсырдым. Соған қуаныштымын,

деді полиция қызметкері.

Баланы тапқаны үшін министр Марат Ахметжанов полицейді “Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” ведомстволық медалімен марапаттады.

Темірлан табылған соң оны дәрігерлер қарап шықты. Жағдайы қанағаттанарлық болды. Бұл туралы Ана мен бала орталығы қабылдау бөлімі кезекші дәрігері Жадыра Абай айтты.

Кешкі сағат 6-да полиция қызметкерлерімен бірге Ахметжанов Темірлан деген 11 жастағы бала қабылдау бөліміне жеткізілді. Қабылдау бөліміндегі барлық маман баланы қарап, тексерді. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Артериялық қан қысымы, дене температурасы және басқа да көрсеткіштер қалыпты болды. Толық тексерістен өткеннен кейін әкесімен бірге үйіне қайтты,

деді дәрігер.

Бала ары қарай учаскелік педиатр бақылауында болады. Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының Согра ауылында 12 жасар жасөспірім жоғалғаны хабарланған еді. Бала 14 тамызда 02:30-да үйінен шығып кеткен. Баланың аты-жөні — Темірлан Ахметжанов. Аутизммен ауырады, сөйлей алмайды. Жасөспірімді 550-ден астам адам іздеді. Баланы 15 тамызда СОБР қызметкері ТМК көпірінің жанындағы шұңқырдан тапты

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago