Шығыс Қазақстан облысында жоғалған 12 жасар Темірлан Ахметжан аман-сау табылды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады.
ШҚО-да бала табылды. Ол аман-сау. Оны ЖҚАЖ қызметкері тапты,
деп жазды Polisia NEWS Telegram-каналы.
Темірланды Арнайы жедел әрекет ету отряды қызметкері
СОБР қызметкері оны ТМК көпірінің жанындағы шұңқырдан тапты. Қазір оған медициналық көмек беріліп жатыр, содан кейін бала ата-анасына тапсырылады.
Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының Согра ауылында 12 жасар жасөспірім жоғалғаны хабарланған еді. Бала 14 тамызда 02:30-да үйінен шығып кеткен. Баланың аты-жөні — Темірлан Ахметжанов. Аутизммен ауырады, сөйлей алмайды. Жасөспірімді 550-ден астам адам іздеді.