Путин ішінара мобилизация жариялады

Қаулыға қол қойылды. Жартылай жұмылдыру шаралары бүгін, 21 қыркүйекте басталады.

Ресей президенті Владимир Путин халқына үндеу жариялады. Екі минуттық видео барлық БАҚ құралдары мен әлеуметтік желілерде тарап кетті. Бүгіннен бастап Ресейде Украинаға қарсы соғысқа аттану үшін әскердің бір бөлігін жұмылдыру шараларының басталатынын айтты. Ресей басшылығы соғысты Донбасс халқын азат етуге бағытталған «арнайы әскери операция» деп атады.

Путиннің айтуынша, әскери қызметке Қарулы күштер қатарында қызмет еткен тек запастағы сарбаздар, белгілі бір әскери мамандығы мен тиісті тәжірибесі бар азаматтар ғана шақырылады. Шақырылғандар соғысқа аттанар алдында міндетті түрде қосымша әскери дайындықтан өтетін болады.

Үкіметке және Қорғаныс министрлігіне тиісті тапсырмалар берілді. Мобилизацияға шақырылған Ресей азаматтарына келісімшарт бойынша әскери қызметтен өтушілердің мәртебесі беріледі және солармен бірдей төлемақы төленеді.

Ресей басшысының сөзінше, бұл шара Ресейдің территориялық тұтастығы мен егемендігін қорғау үшін қажет.

Батыс тым шектен шықты. Олар ядролық бопсалауды бастады. Өзінің аумақтық тұтастығына қауіп-қатерді сезген Ресей тыныш отырмайды. Қолда барымен күресуге дайын. Ядролық шабуылды көздегендер бірінші кезекте өздерін ойлағандары жөн. Ойын ережесі бір сәтте өзгеруі мүмкін,

деп қосты Владимир Путин.

РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ресей әскерінің шығынын жариялады. Украинадағы соғыста Ресей 5937 сарбазын жоғалтқан. Ал екінші тарап 100 мыңнан аса адамынан айырылған. 61 207-сі қайтыс болып, 49 368 -і жараланған.

Сондай-ақ, Шойгу Ресей мобилизация арқылы 300 мың адамды әскерге шақыратынын мәлімдеді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

7 часов ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 день ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago