Путин тақтан кетеді. Келесі президент кім болмақ?

Батыстың сарапшылары Ресейдің келесі президенті кім болады деген сұрақты ортаға тастап, талқылай бастапты. Бұл туралы Youtube-та  Usbanov Arnasy қысқаша шолу жасаған еді.

Путин Ресейде Украинаның төрт облысын қосып алғаны жайлы мәлімдеме жасады. «Халықтардың таңдауы», «құқығы тапталған орыстілді орта», «Киевтегі нацизм» дегенді айтты. Бұл жалған референдумдарда нәтиже 90 пайыздан төмен болған емес және барлығы Ресейге қосылуды қолдапты. Ең қызығы кеше қызыл алаңда үлкен жиын өтті. Мыңдаған адам алдында Путин сөз сөйледі. «Жаңа әлемдік тәртіп», «Ұлы Ресей», «қуатты әскер мен керемет жеңіс» жайлы айтты. Алаңға жиналғандар жалауларын көтеріп, әндерін айтып, Путинмен бірлесе ұрандатып жатты. Тура 1938 жылғы Германияны іспеттес. Алайда бұл жалған референдумды БҰҰ да, Батыс та, тіпті Ресейдің одақтастары да мойындаған жоқ.

1938 жылы Еуропа елдері, АҚШ Аустрияға көмек берген емес, егер көмектескенде мүмкін Германияны ерте ауыздықтауға болар ма еді. Бірақ қазіргі Еуропа мен АҚШ сол тарихи қателіктен сабақ алған сияқты. Украинаға қару мен қаржы беруде. Ал Ресейдің халі қандай? Германияның амбициясы Германия үшін қалай аяқталғанын ұмытқан ба?

Бұл аймақты Ресей әскері қорғайды, Украинаның бұл аймаққа соққысы Ресей территориясына соққы болып есептеледі,

деп мәлімдеді Путин.

Бұл сөздерден кейін “Украина әскері қалай әрекет етеді” деген сұрақ туды. Көпшілік “Украина әскері ядролық соққыдан сақтанып, қорғанысқа көшуі ықтимал” деп те болжады. Ресейліктер осы облыстарды өзіне қосқанын алаулатып-жалаулатып тойлап жатқан кезде, Украина жасақтары Лиманды азат етіп алды. Осылайша Ресей әскерін шығынға ұшырату арқылы нақты жауап қатты.

Лиманды Украина әскерінің азат етуі Ресей әскерінің рухының түсуіне және элита арасындағы тайталасқа әкелді. Қадыров пен Пригожин Қорғаныс министрлігін қатаң сынға алды. Осы арқылы Ресейдің жоғарғы элитасында өзара қарама-қайшылықтар артып келе жатқаны көрінді.

Сарапшылар:

Путин бұл соғысты ядролық қаруды қолданбай жеңе алмайды,

деген пікірде.

Алайда ядролық қаруды қолданудың өз тәуекелдері бар. Ресейді қатаң оқшаулау, ауыр санкциялардың астына алумен бірге НАТО елдерінің тарапынан қарсы ядролық соққы болуы мүмкін. Бұл қадамға Путиннің баруы, Ресейді қалжыратып, құлдырауға әкелетін қадам болмақ.

Осы ретте Батыстық басылымдар Путин тақтан тайса оның орнына кім отыруы мүмкін деген сұрақ аясында бас қатыруда. France 24 басылымы бұл сұрақ аясында үлкен зерттеу жасап, Путиннің орнына келесі басшы ретінде Сергей Кириенко дайындалып жатыр деген мақаланы жариялады. Бүгінде Ресей президенті әкімшілігінің бірінші төрағасы қызметін атқаратын Кириенкоға Ресейдің имиджін қалпына келтіру мен экономикасын көтеру міндеттері тұр дейді басылым. Мақалада 1998 жылғы Ресейдегі экономикалық дағдарыс кезінде Кириенконың нәтижесіз жұмысы да аталып өтіпті.

Батыстық басылымдар:

Путиннен кейін кім келсе де, ол Батыспен келісімге келуі тиіс, себебі Путин сияқты позициядағы тағы бір басшы Ресей экономикасын нақты өлтіріп тынады.

Осылайша Украинадағы Ресей әскерінің сәтсіздіктерінен кейін Батыс медиасы “Путиннің орнына кім келуі мүмкін” деген сұрақ аясында пікірталас бастады.

Бұл ретте Украина жедел түрде НАТО-ға қосылуға өтініш берді.

Украинаның НАТО-ға мүшелікке өтініш беру шешімі Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің 30 қыркүйектегі отырысынан кейін қабылданды.

НАТО Украинаны тез арада қабылдай ма, жоқ па белгісіз. Дегенмен, Украинаның қосылуын НАТО-ның 12 мүшесі қолдап отыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago