Ресей Белгород облысындағы екі селосынан айырылды

Украинадағы соғыста РФ-ға қарсы соғысып жатқан «Азат Ресей» легионының сарбаздары Белгород облысының екі селосын бақылауға алды. Олар Горький және Щетиновка елді мекендеріне басып кірді.

Бұл шабуылға «Ресей ерікті корпусы» ұйымының жауынгерлері де қатысты. Ұйымның қарулы жасағы шекараның екі жерінен жарып өтіп, Ресей армиясының таңдаулы топтарын ығыстырып шығарды.

Apostrophe.ua-ның хабарлауынша, қазір Горький және Щетиновка «Азат Ресей» легионы мен «Ресей ерікті корпусы» ұйымының жауынгерлеріне бағынады. Ал РФ билігі әзірше селоларды қайтару үшін қандай да бір әрекет ете алмай жатыр. Бұл жағдай жергілікті халықты қатты алаңдатып отыр. Кремльдің өзі бұған қатысты түсініктеме беруден де бас тартты.

Мәліметке сүйенсек, Белгород облысының тұрғындары Ресейдің ішкі облыстарына қашуды одан әрі жалғастыруда. Жолда ұзын кептеліс пайда болған. Тұрғындар ұшаққа мініп те қашып жатыр. Соның ішінде облыс губернаторы Вячеслав Гладковтың да әйелі болған деген дерек бар.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago