2 қазанда Петербургта тұратын Қазақстан азаматы военкоматтан шақырту қағазын алған. Бұл туралы 47news.ru жазды.
Бұл — 31 жастағы Қазақстан азаматы. Аты — Георгий. Ол 2 қазанда үйіне военкоматтан адам келіп, шақырту қағазын беріп кеткенін айтады.
Георгий Петербургқа 2013 жылы магистратура оқуға түскен. 2 жылдан кейін инженер болып істей бастады. 2017 жылдан бері тұруға ықтиярхаты бар. Бір жыл бұрын Қазақстаннан барған қызға үйленген, әйелі Ресей азаматтығын алып қойған. Балалары жоқ, бірақ жоспарлап жатыр.
Шақырту қағазын әкелген адамға Қазақстан азаматы екенін растайтан паспорт көрсеткенде, ол қағазға «Қазақстан азаматы» деп белгі қойғанын айтады. Грегорий магистратураға түскенде шетел азаматы болғаны үшін военкоматқа бармаған, әскери кафедрада да оқымаған.
Сосын Қазақстан азаматы еліміздің консулдығы мен елшілігіне қоңырау шалады. Олар бұл хабар консулға жеткенін айтады.
Әскери білім алдым, бірақ әскерге бармадым. Ресейде маған ұсынған жерге барсам, Қазақстанда бұған қатысты қылмыстық бап бар екенін айта кетейін,
дейді Георгий сайт тілшісіне берген сұқбатында.
Петербургтың Мәскеу ауданы военкоматында Георгийге военкоматқа барып, құжаттарды салыстыру керек екенін айтқан. Барып, енді шақырту жібермеуін сұраса болғаны.
Қорқатын түгі жоқ. Оны ешкім алып кетпейді,
деп жауап берген военкоматтағылар.