Фото: ашық дереккөзден
Биыл Ресейдің мемлекеттік бюджетіндегі бар ақшасы сарқылады. РФ бұған дейін басынан өтіп көрмеген қаржы дағдарысының қамытын киеді. Бұл туралы «Диалог.Ua» хабарлады.
Ресейлік тарихшы және саясаткер Дмитрий Чернышевский Путин билігінің Украинаға қарсы ұзаққа созылатын соғысты жүргізуге ақшасы жетпейді. Оның қоры көп ұзамай, биылдың өзінде-ақ түгесіледі деп есептейді.
Кез келген соғыс орасан зор қаржыны керек етеді. Қазір Ресейде ондай ақша жоқ. Бары жақын арада таусылады,
деді ол.
Дмитрий Чернышевский өзінің YouTube-тағы видеоблогында Ресей Қаржы министрлігінің былтырғы жыл қорытындысына талдау жасай келіп, осындай тұжырымға тоқталды. Ол бюджетте орасан зор «тесік» бар екеніне жан-жақты көз жеткізген. Бұл кемшіннің көлемі бұған дейін сарапшылар айтып жүргеннен көп – 3,3 трлн рубль болып шықты. Бюджеттің тапшылығы 2023 жылы бұдан әлдеқайда жоғары болғалы тұр.
Мәселе мынада, Ресейдің биылғы жылғы бюджеті мұнайдың баррелі бағасы 78 АҚШ доллары болады деген болжам мөлшерімен құрастырылған. Бірақ қазір мұндай баға оған маңайлап та бармайды. Ресей мұнайы санкциялар салдарынан қатты арзандап кетті. Сондықтан бюджеттің тапшылығынан енді құтылу мүмкін емес.
Ресей бюджеті сүйеніп келген энергетикадан келетін ақша да бұдан әрі құлдырай бермек. Ал соғыстың шығыны алдағы уақытта күн санап өскен үстіне өсе түседі.
Ұлттық әл-ауқат қорында небәрі 10 трлн рубль қалыпты. Мұнай баррелінің бағасы қазіргідей 50 доллар болып тұрғанда, оның бәрі бюджеттегі тапшылықты жоюға кетеді. Олай болса, биыл Ресей ұлттық қордан түгел айырылуы әбден мүмкін,
деді тарихшы.
Ол дағдарыс биылғы жылдың екінші жартысында басталып кетеді деп есептейді. Сол кезде халық бүлігінің бұрқ етіп көтерілуі мүмкін.
Ресей соғысқа қаражат жетіспеушілігінен дағдарыс ұйығына батады. Бұдан шығатын бір ғана жол бар. Ол – соғыстан басқа жақтардың бәрінің шығыны үшін жұмсалатын ақшаны қысқарту. Мемлекет осы тұста «бүгін сен өл, ертең мен өлемін» деген қағидатты ұстанады. Бірінші кезекте зейнеткерлерден, мұғалімдерден, дәрігерлерден, бюджет қызметкерлерінен, көріктендіру жобаларынан ақшалар қысқартылады. Мұның бәрі қазір-ақ басталып кетті. Осылар бұқара халықтың тұрмысын күрт нашарлата қоймайды. Ешкім, әрине, зейнетақы мен жалақыны алып тастамайды. Ақша басып шығаратын станок іске қосылады. Ақшаны шұғыл манипуляция жасау қолға алынады. Осыдан келіп нақты зейнетақы мен жалақының әлеуеті жедел төмендей түседі,
деді Чернышевский.
Қазір Ресей Орталық банкінің төрайымы Эльвира Насибуллина биліктен статистиканың бір бөлігін жұртқа жария етуді тағы сұрап отыр. Ол өткен жылғы көктемнен бері құпия болып келген.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…