Ейскіде ұшақ апаты салдарынан қаза тапқандар саны 15-ке жетті. Бұл туралы Краснодар өлкесінің губернаторы орынбасары Анна Минкова хабарлады.
Қаза болғандар арасында үш бала бар. Бұған қоса 19 адам жарақаттанған, төртеуі реанимация бөлімінде жатыр.
17-19 қазан аралығында Ейскіде аза тұту күні жарияланған. Апат орнына қала тұрғындары гүл, майшам мен ойыншықтар әкелді. Аймақ басшысы қаза болғандардың отбасына жерлеу рәсімі бойынша көмектесетінін, бұған қоса миллион рубльден өтемақы беретінін мәлімдеді. Зардап шеккендер де материалдық көмек алады.
Еске салайық, Ресейдің Ейск қаласында әскери ұшақ көпқабатты тұрғын үйге құлаған болатын. Ресей Қорғаныс министрлігі Су-34 ұшағы Оңтүстік әскери округінің әскери аэродромынан оқу-жаттығу мақсатында көтерілген кезде құлағанын мәлімдеді