Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қоғамдық кеңесі төрағасы Марат Бәшімов Ресеймен шекараны жабу туралы пікірді заң тұрғысынан түсіндірді.
Марат Бәшімовтің айтуынша, шекара жабылса, экономикалық айырбас нашарлауы мүмкін. Бұл туралы ол Facebook-парақшасына жазды:
Заң тұрғысынан алайық.
- Біздің заң бойынша, халықаралық шарттар аясында Ресей азаматтары Қазақстан аумағында 90 күн бола алады. Содан кейін олар елден кетуге міндетті.
- Ал уақытша тұруға ықтиярхат заңнамадағы 6 ереже бойынша беріледі. Оның ішінде мемлекеттік органдар рұқсат ететін, мақұлдайтын құжаттар бар.
- Шекараны жабудың тағы бір жағымсыз жағы сол, ол кері әсер етіп, экономикалық айырбастың нашарлауына әкеледі. Себебі бұл Қазақстанның солтүстік аймақтарының азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді. Тауар мен азық-түлік импортына тәуелділік өте маңызды және барлық шекаралық сауданы «қирауына», бағаның өсуіне және тауарлардың тапшы болуына әкелуі мүмкін.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазақстан-Ресей шекарасында Қазақстан Республикасына кіріп жатқан шетел азаматтарының саны артты.