Categories: Шолу

Рыбакинаның жеңісі, Алакөлдегі қордаланған мәселелер және миллион теңгеге мәхр. 11 шілде

Теннисші Елена Рыбакинаның өткен демалыстағы Уимбилдон турниріндегі тарихи жеңісі қазақстандықтардың басты назарында болды.

Әлеуметтік желілер Рыбакинаның жеңісіне сүйінші сұрасқан жазбаларға толды. Алайда, олардың арасында спортшыны жергілікті спорт мектебі емес, ресейлік тениис мектебі тәрбиелегінін айтып, назданғандар да болды. Дегенмен, Рыбакинаның жеңісі үлкен тенниске деген қызығушылықты арттырып, отандық теннистің дамуына зор үлес қосады деген халықтың сенім мол. Сондай-ақ, жақында АҚШ-та өтетін жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына Кениядан келген үш спортшы қатысатыны, және өз дисциплиналарында фаворит екені де еске салынды.

Алакөл жағалауында болған өртке байланысты көпшілік кәсіпкерлер үшін алаңдаушылық білдіріп, жазбалар арнады. Блогшылардың айтуынша, Алакөлдегі кәсіпкерлер пандемияға байланысты екі жылдық карантиндік шаралардан кейін биыл ғана ес жиып, табыс табуға бекінген. Олардың көбі осы жағажайлық үш айда ғана бала-шағасының нәпақасын тауып отыр. Алапат өрт Алакөлдегі көп жылдан бері қордаланған мәселелердің көтерілуіне түйткі болды:

  1. рекреациялық аумақта мемлекет, яғни облыс пен аудан әкімдіктері тарапынан нақты бақылаудың жоқтығы, осыған дейін демалыс аймағы Шығыс Қазақстан облысына қараса, қазір Абай облысының бақылауында.
  2. жергілікті шенеуніктер көлде техникалық бақылаумен емес, шені жоғары қонақтарды күтумен айналысатыны. Осы себепті шенеуніктер базалардың әлдебір кемшіліктеріне көз жұмып қарайды. Бұл ТЖ, өрт қауіпсіздігі, сәулет, құрылыс, жол, СЭС сияқты салаларға жауапты әр мекемеге тән.
  3. құрылыс кезінде ешқандай құрылыс талаптары сақталмайтыны. Бас жоспар жоққа тән. Базалардың барлығы дерлік фанерадан жасалған, өрт қауіпсіздігі мүлде сақталмаған, бір-біріне жабыстырып өте жабайы түрде салынғандығы.
  4. орталықтандырылған кәріз жүйесінің жоқтығы. Әжетхана, жуынды-шайынды сулары көлге қосылып жатыр. Миллиондаған туристке септиктер аздық етуде. Осыдан минералды судың құрамы бұзылу қаупі бар.

Облыс ауысқаннан кейін шенеуніктер енді осы мәселелерді тереңірек зерттеп, шешеді деген сенім бар.

Әлеуметтік желіде орамал таққан жас қалыңдық күйеуінен мәхрге бағасы бір миллионға жуық IPhone 13 телефон сұраған видеосы қызу талқыға түсті. Видеода жігіт молданың алдында әйеліне қымбат телефонды сыйлауға уәде бергені көрсетілген. Молда уәде қанша уақыттан кейін орындалатынын сұрағанда жігіт ұзақ уақыт үнсіз отырып қалады. Пікір білдірушілердің бірі, «Орамал таққан қыз неге болашақ күйеуінің жағдайын ойламайды, имандылығы қайда» деп сынаса, басқалары «Отбасы — бұл үлкен жауапкершілік, егер ақша табуға дайын болмаса үйленбеуі керек» деп, ойларын білдіріп жатты. Сондай-ақ, төрт әйел алған сайын миллиондап мәхр берсе, әйел алғыштардың саны күрт төмендейтін бе еді, деген болжамдар да айтылды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago