Шахтадан 222 адам шығарылды. 5 адам әлі іздестіріліп жатыр.
13 кенші бас ауру және жөтелге байланысты дәрігер көмегіне жүгінді.
4 адам ауруханаға жатқызылды. 2 адамға көмірқышқыл газынан ауыр дәрежеде улану диагнозы қойылған.
Айта кетейік, 17 тамыз күні таңертең «АрселорМиттал Темиртау» компаниясының көмір шахтасы өртенді. Жер астында 227 адамның болғаны мәлім.