Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

ҚХР көшбасшысы жақын арада Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға төртінші рет келеді. Биыл Қытай мен Қазақстанның арасындағы дипоматиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл.

Си Цзиньпин Қазақстанның Қытаймен қарым-қатынасындағы жаңа мүмкіндіктер туралы «Казахстанская правда» газетіне сұқбат берді.

Осы уақыт аралығында  екі ел өзара қолдау мен көмек көрсету қағидасынан тайған емес.

30 жыл – Қытай-Қазақстан қатынастарының серпінді даму кезеңі. Татулық пен достықтан стратегиялық серіктестікке, өзара құрметке ұласқан тарихи серпілістің айқын көрсеткіші.

Екі ел мемлекеттің қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастықты сақтау жолында берік қолдау көрсетіп келеді. Қытай мен Қазақстанды ортақ таулар мен өзендер байланыстырады. Біз тату көрші, шынайы дос және сенімді серіктеспіз. Мыңдаған жылдар бойы достық қарым-қатынасын үзбеген екі ел халқы Ұлы Жібек жолы дәуірінің куәсі болған,

деді Қытай төрағасы.

Әлемдегі қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, 2021 жылы екіжақты тауар айналымы 25 млрд долларды құрап, тұрақты деңгейді сақтап қала алды. Бұл екі елдің әлемдік экономиканы қалпына келтіруге қосқан ортақ үлесі. Өндірістік қуат пен инвестициялар саласындағы ынтымақтастық шеңберінде 21,2 млрд долларынан астам қаражатқа 52 бірлескен жоба жүзеге асып келеді.

Ірі жобалардың ішінен атап өтетіні, Жаңатас жел электр станциясы, JAC автомобильдерін құрастыру желісі, Шымкенттегі МӨЗ-дің жаңаруы.

Қытай Қазақстанмен бірлесіп сыртқы күштердің әркеттеріне қарсы тұруға дайын. Елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға дайын. Бұл ретте халықаралық ынтымақтастықты жан-жақты нығайту маңызды. Екі ел БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК, «Қытай – Орталық Азия» сынды көпжақты жобаларда ірі ойыншы болуы тиіс.

Сондай-ақ халықаралық басқару, азық-түлік және энергетикалық  қауіпсіздік, өндіріс пен жеткізілім тізбегін тұрақтандыру, әлемдік тәртіп пен халықаралық жүйенің әділ және ұтымды бағытта дамуында бірлесіп жұмыс атқару да маңызды

ҚХР көшбасшысы «Жаңа Қазақстан» құру жолында еліміз 30 дамыған мемлекеттер қатарына жақындап қалғанын баса айтты. Осы бағытта Қытай өзінің озық тәжірибесімен бөлісуге дайын екендігін де  жеткізді.

Қазақта «Достық – таусылмас байлық» деген мақал бар. Егер біз тату көршілік байланысымыз бен достық қағидаттарымызды берік ұстанып, көп қырлы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдететін болсақ, онда Қытай мен Қазақстан қарым-қатынасының тағы 30 жылдығын тойлайтынына сенімдімін,

деп түйіндеді Си Цзиньпин.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago