Солтүстік Корея өзін ядролық мемлекет деп жариялады

Ким Чн Ын КХДР-ды ресми түрде ядролық жержава деп заңға бекітті. Бірінші болып ядролық соққы жасау мүмкіндігін растады.

Солтүстік Корея басшысы Корей түбегін ядролық қарусыздандыру жөніндегі келіссөздерден бас тартты. Ким Чен Ын 7 қыркүйекте Жоғарғы халық ассамблеясының отырысында «Ядролық қаруға қатысты саясат» деп аталатын жарлық қабылдады.

«Рёнхап» агенттігінің хабарлауынша, Ким Чен Ын өз елінің АҚШ-пен кез келген әскери қақтығысқа толық дайын екенін баса айтты. Дональд Трамптың кезінде екі ел арасындағы қарым-қатынас жақсарған еді. Олар екі кездесу өткізіп, АҚШ-тың қауіпсіздігі мақсатында КХДР-ны ядролық қарусыздандыру талқыланған. Алайда тараптар ортақ келісімге келе алмай, екі елдің қарым-қатынасына тағы да сыза түсті.

Ким Чен Ын оңтүстіктегі көршісіне де тосқауыл қойды. Оның айтуынша, Оңтүстік Кореяның қарулы күштері елге алдын ала соққы беруге әрекеттенсе, жойылу қаупі төнеді.

Егер мемлекетке жаудың шабуылы салдарынан қауіп төнген болса, жаудың күшін жоюға бағытталған ядролық соққы алдын ала белгіленген жоспар бойынша автоматты түрде және дереу беріледі,

делінген құжатта.

Сондай-ақ, Ким Чен Ынға шабуыл жасалған жағдайда ядролық соққы болуы мүмкін. Сонымен бірге, ядролық қару «сыртқы агрессияға қарсы соңғы шара ретінде қолданылатыны» және Солтүстік Кореяның оны бірінші кезекте қолданбайтыны атап өтілген. Республика басқа елдердің аумағында ядролық қаруды орналастырмауға және оларға ядролық қаруға қатысты технологияларды, объектілерді немесе материалдарды бермеуге міндеттенеді.

КХДР басшысы республика ешқашан ядролық қарудан бас тартпайтынын айтты. Ол Солтүстік Кореяның «жүз жылдық санкциялардан кейін де ешқашан берілмейтінін» атап өтті.

2021 жылы КХДР өзінің ядролық бағдарламасына 640 миллион доллардан астам қаржы жұмсады. 2022 жылдың басынан бері Солтүстік Корея 17 зымыран ұшырған, соңғысы мамыр айында болды. АҚШ билігі тамыз айында Солтүстік Корея жетінші ядролық сынақ өткізуді жоспарлап отырғанын ескертті. Сол айда Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл Солтүстік Кореяға ядролық қарусыздандырудың орнына экономикалық көмек ұсынды. Солтүстік Корея билігі бұл ұсынысты «нонсенс» деп қабылдамады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago