Головкин қоштасу айқасын Қазақстанда өткізеді. Бұл туралы mmafighters.kz Instagram-да жазды.
Арнадағы мәлімет бойынша, GGG қоштасу айқасын 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнінде Астанада өткізбек. Оның елордаға келу себебі де осында екені айтылған.
Айта кетейік, Головкин қазақстандық футболшыларды қолдауға арнайы Астанаға келе жатыр. 10 қыркүйекте елордада Қазақстан мен Солтүстік Ирландия арасындағы матч өтеді.