Стамбұлдың Истикляль көшесіне жарылғыш зат қалдырған Ахлам Альбашир Түркияға арнайы тапсырмамен келгенін мойындады.
Ол Түркияға заңсыз жолмен Африн-Идлиб қалалары арқылы келген.
Сирия демократиялық партиясы, Бірлескен демократиялық партиясы және Күрдстан жұмысшылар партиясы тарапынан арнайы дайындықтан өттім. Теракті жасау үшін олардан арнайы тапсырма алдым,
деді күдікті.
Сондай-ақ, түркі басылымдары елде қарулы күштер тарапынан ұйымдастырылған арнайы операция кезінде Ахлам Альбаширден бөлек 46 күдікті азамат ұсталғанын хабарлады.
Айта кетейік, кеше Стамбұлдың орталық көшесінде болған жарылыстан 6 адам қаза тауып, 81 адам жарақаттанды.
Көп ұзамай Түркия ІІМ басшысы Сулейман Сойлу жарылғыш зат қалдырған әйел адамды ұсталғанын мәлімдеді. ҚР Сыртқы істер министрлігі Стамбұлдағы жарылыс кезінде зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді.
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдап, Стамбұл қаласындағы жантүршігерлік оқиға салдарынан жазықсыз адамдардың құрбан болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…