Twitter компаниясы зардап шеккен қолданушыларға ақпараттың тарап кеткені туралы ескертпе жіберіп жатыр.
Twitter 5,4 млнннан аса әлеуметтік желі қолданушылары аккаунты дерегі тарап кеткенін растады. Бұл туралы компания сайтында хабарланды.
2021 жылғы маусымда платформаны жаңарту нәтижесінде қате кетті. Бұл арқылы кез келген адам Twitter-ге электрон пошта мекенжайын немесе телефон нөмірін жазса, олардың қай аккаунтпен байланыстырылғанын көре алды және байланыстырылған аккаунт идентификаторын ала алды.
Осыны біле сала тексеріп, жөндедік. Ол кезде біреу осалдықты пайдаланғаны туралы ешқандай дәлел болған жоқ,
деді әлеуметтік желі әкімшілігі.
Компания зардап шеккен қолданушыларға дерегі таралып кеткені туралы хабарлама жібере бастады.
Twitter қолданушыларға әлеуметтік желідегі аккаунтына жалпыға белгілі телефон нөмірін немесе электрон пошта мекенжайын қоспауға кеңес берді. Оған қоса, қолданушыларға тіркелгілерге екі факторлы аутентификация қосу ұсынылды.
Шілде айында devil деген лақап аты бар хакер Twitter желісіндегі 5,4 миллион қолданушы аккаунты дерегін саудаға шығарды. Деректер үшін ол 30 мың доллар (14,3 миллион теңге) талап еткен.