Украина мен Ресей тұтқын алмасты: 214 адам үйіне оралды

Украинға 107 әскери қызметкер қайтарылды, дәл соншама Ресей жағына оралды.

Украина пезиденті кеңсесінің жетекшісі Андрей Ермак осылай деп мәлімдеді. Украинамен тұтқын алмасқанын Ресей қорғаныс министрлігі де растады.

Украина жағына оралған 107 адамның 101-і – қатардағы жауынгер немесе сержант, алтауы – офицер. 74-і Мариупольдағы «Азовсталь» зауытын қорғаған.

Біз соғыста жараланған көп адамды қайтара алдық. Атап айтқанда, Мариупольде ауыр жараланған «Азовстальдағы» жігіттерімізді қайтардық. Аяқ-қолынан айырылған, денесі күйген, жарасына инфекция түскен адамдар бар. Еленовка колониясындағы жарылыста жараланған жауынгер бар,

деді Ермак.

Ал Ресей қорғаныс министрлігі тұтқында болған азаматтары жөнінде ешқандай ақпарат жарияламады.

Босатылғандар Ресей әуе ғарыш күштеріне қарасты әскери көлік авиация ұшақтарымен Мәскеуге емдеуге жеткізіледі. Барлығына медициналық, психологиялық көмек көрсетіледі.

26 қазанда Украина мен Ресей тұтқын алмасып, әрқайсысы он жауынгерді қайтарған. Бұған қоса Ресей Украина жағында соғысып, 23 тамызда қаза тапқан АҚШ армиясының ардагері, америкалық ерікті Джошуа Алан Джонстың сүйегін берген.

Қазанның ортасында Украина Ресей жағында тұтқында болған 108 әйел жауынгерін қайтарып алған. Арасында «Азовстальдан» эвакуацияланған 37 әйел бар. Қайтарылғандардың 11-і – офицер, 85-і – қатардағы жауынгер мен сержант.

21 қыркүйекте Украинаға 215 әскери тұқын қайтарылған, арасында 124 офицер бар. 108-і – «Азов» жауынгерлері. Бұған қоса, шекара қызметі, полиция, құрлық әскері сарбаздары бар.

21 қыркүйекте жарияланған келісім аясында тұтқын алмасқанда Киев Ресей жағына украиналық саясаткер, соғыс басталғаннан кейін тыйым салынған ресейшіл «Оппозиционная платформа — За жизнь» партиясының жетекшісі, Владимир Путиннің құдасы Виктор Медведчукті қайтарған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago