Apple компаниясы VK қолданбасын Ұлыбритания санкция салған компаниялар ілгерілетіп жүргенін хабарлады. Бұл туралы vc.ru жазды.
Apple компаниясы өкілі Адам Дем VK қолданбасын «Ұлыбритания үкіметі санкция салған компания басшылары мен иелерінің көбі ілгерілетіп отырғанын» айтты. Apple санкцияны сақтауды жөн көрген.
VK сервистері барлық елде App Store-да жоқ, бірақ телефонға бұған дейін жүктелген қолданбаны баяғыдай қолдануға болады,
деді Адам Дем.
Еске салайық, ВКонтакте мен Mail․ru App Store-дан өшірілді.