Қырғызстан мен Тәжікстан тыныштықты сақтау туралы хаттамаға қол қойды

Қырғызстан мен Тәжікстанның ұлттық қауіпсіздік қызметі басшылары екі ел арасындағы жанжалды бейбіт жолмен реттеу туралы хаттамаға қол қойды. Бұл туралы АКИpress хабарлады.

Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті басшысы генерал-лейтенант Камчыбек Тәшиев қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығысты реттеу жұмысы аясында 19 қыркүйек күні кешке қарай Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті төрағасы Саймумин Ятимовпен кезекті кездесу өткізді.

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік бойынша мемлекеттік комитеті төрағасы Қымшыбек Тәшиев (сол жақта) және Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік бойынша мемлекеттік комитеті төрағасы Саймумин Ятимов (оң жақта). 19 қыркүйек, 2022 жыл.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, келіссөз нәтижесінде және бұрын қол жеткізілген атысты тоқтату және жағдайды деэскалациялау туралы уағданы орындау үшін тараптар Қырғызстан мен Тәжікстанның шекаралас аймақтарындағы қарулы қақтығысты реттеу туралы хаттамаға қол қойды. Хаттамада ұрыс қимылдарын толық тоқтату, әскерлер мен әскери техниканы олардың тұрақты орналасатын орындарына шығару, шекара заставалары мен комендатураларды бірлесіп тексеру, 14 және 16 қыркүйекте болған қарулы қақтығыстарды жан-жақты тексеру қарастырылған.

Шекара аймағында бейбітшілік пен тұрақтылықты тез арада қалпына келтіру бойынша тараптардың бірлескен жұмысы жалғасып жатыр,

делінген ҰҚК хабарламасында.

Хаттамаға Камчыбек Тәшиев пен Саймумин Ятимов қол қойды.

Тәшиев қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы шабуылды тергеп-тексеру үшін құрылған бірлескен комиссия 20 қыркүйектен бастап жұмысын жалғастыратынын айтты.

Кейінгі ресми ақпарат бойынша, 14-17 қыркүйекте Қырғызстанның 59 азаматы қаза болған, оның 40 адамы – сарбаздар. 164 адам жараланған. Шекарадағы қырғыз ауылдарынан 140 мыңнан астам адам қауіпсіз мекенге көшірілген. Тәжікстан сыртқы істер министрлігі 41 тәжік азаматы өліп, 100-ден астам адам жараланғанын хабарлады.

Екі ел шекарасындағы қақтығыс 14 қыркүйекте басталды. Екі тарап жанжал бастады деп бірін-бірі айыптаған. 16 қыркүйекте атысты тоқтату туралы бітімге келгенімен, атыс 17 қыркүйекте де тоқтамады.

Қырғызстан 19 қыркүйекті Аза тұту күні деп жариялады.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago