Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жамбыл облысында төрт адамнан сібір жарасы анықталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Комитет мәліметінше сібір жарасы Талас ауданы Тамды ауылының 3 тұрғынынан, Жуалы ауданы Көлтоған ауылының 1 тұрғынынан анықталған.
Эпиданамнезде 3 жағдайда ауру ауыл шаруашылығы жануарларымен байланыс көрсетілген: науқастар ветеринарлық куәландыруы жоқ малды союға қатысқан. Ал жұқтыру факторы ірі қара мал болған. 1 жағдайда инфекция көзі анықталмады,
делінген хабарламада.
Сонымен қатар мамандар сібір жарасы көп жағдайда ауру жануарға күтім жасаған, оны сойған дәне естін аспаздық мақсатта қолданған кезде жұғатынын атап өтті.