Фото: gov.kz
Жыл басынан бері елімізден 8 миллион доллардан астам қолма-қол шетел валютасы шығарылмақшы болған. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мекеме елден шығарылмақшы болған қолма-қол соманы «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралары туралы» жарлығын жүзеге асыру аясында анықтаған.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралары туралы» 14 наурыздағы № 830 Жарлығын іске асыру шеңберінде «Алматы» шекаралық бақылау басқармасы Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен жыл басынан басынан бері Қазақстан Республикасынан 8 000 000 АҚШ долларынан астам сомаға валютаны әкетуге жол берген жоқ,
деп жазылған ведомства хабарламасында.
Еске салайық, 2022 жылғы наурызда мемлекет басшысы елден 10 мың АҚШ долларынан көп қолма-қол шетел валютасын шығаруды шектеу туралы жарлыққа қол қойды. Жарлық ел ішіндегі қаржылық тұрақтылыққа қауіп төндірмеу және алыпсатарлық сұраныс қысымын төмендету үшін қабылданған еді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…