Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында жол бойындағы сервисті қалыптастыру жұмысын сынға алды.
Президент «ҚазАвтоЖол» мен «Қазақавтожол» компанияларын біріктіруді тапсырды. Олар елдегі жол жағдайын қадағалайтын және қызмет көрсететін екі негізгі опреатор екенін айтты. Солай бола тұра, компаниялар бір жұмысты атқарады.
Олардың қызметкер саны талап етілетінінен асып түседі. Алайда азаматтардың негізделген шағымы азаймай отыр. Жолдардың сапасы сынға мүлдем төтеп бермейді.
Үкіметке «ҚазАвтоЖол» және «Қазақавтожол» компанияларын біріктіруді және Қазақстанның бірыңғай автожол компаниясын құруды тапсырамын. Нәтижесінде, қызметкерлер саны да қысқарады,
деді президент.
Мемлекет басшысы жолда заманауи қызметті ұйымдастыру өзекті мәселе екенін айтты.
Қазір елде осындай 1 600 нысан бар. Олардың тек 68%-і ұлттық стандартқа сай келеді. Түркістан, Қарағанды және Маңғыстау облыстарындағы жағдай өте нашар,
деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін мемлекет басшысы үкіметте кадрлар ауысуы мүмкін екенін мәлімдеген еді.