Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Самұрық-Қазынаның» бар жұмысы – басшыларға бонус беру
04.10.2023
Аффирмация мен медитация расымен өміріңді өзгертеді
04.10.2023
«Ақ параққа жазып бақытымды тіледім»: 46 жасында ұзатылған әйел желіні шулатты
04.10.2023
Алматы облысында зорланған егіз қыздың анасы қамауға алынды
04.10.2023
Елде уахабистерге жағдай жасауға көмектесетін мемлекеттік қызметкерлер бар
04.10.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Инсайдер > Сүйгеніңе заманауи сөз салудың құны қанша?
Инсайдер

Сүйгеніңе заманауи сөз салудың құны қанша?

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 29.08.2023
Обновлено 29.08.2023 в 11:08
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Қазір сүйгеніңе сөз салу адал махаббаттан бөлек қыруар қаржыны да талап етеді.

Жігіттер қауымы арасында «Маған тұрмысқа шығасың ба?» немесе «Marry me» деген жазуды төрге іліп, бойжеткенге көздің жауын алатын шоқ гүлдерді ұсынып, махаббат аспанын жарқырата түсетін отшашуды ұйымдастырып, гауһар тасты сақинаны саусағына салып тұрып тұрмысқа шығуға ұсынып жасау сәнге айналғаны қашан.

Осы ретте Алматы қаласында әр арудың арманындағы ұсынысты жасау жігіттер қауымының қалтасына қалай әсер ететіні туралы Астана телеарнасы Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасай отырып жазыпты.

Бүгінде үйленуге ұсыныс жасайтын кешті ұйымдастыратын орталықтар көп. Аталмыш орталықтар «Стандарт», «Премиум», «Вип» секілді бірнеше нұсқаны ұсынады.

Мәселен @svidanie_almaty ұйымдастыру орталығы ұсынатын «Стандарт» пакетіне «Тұрмысқа шығасың ба» деген жазу, майшаммен безендіру, әдемі әуен кіреді. Бұл нұсқаның құны 40 мың теңге. Дәл осы әдемілікке фонтан, Голливудтағыдай қызыл кілем, фото-видео түсірілім қоссаңыз қалтаңыз тағы 15 мыңға жұқарады. Мұны аз десеңіз, әдемі шарлармен безендіруді сұрап, 75 мың теңге төлесеңіз болғаны.

Ал, егер махаббатқа мас болып болашақ жарыңызбен аспан астында қалықтағыңыз келсе, тікұшақ жалдасаңыз да болады. Тікұшақпен 20 минут серуеннің құны 110 мың теңгені құрайды екен.

Бүгінге дейін 700 қыз-жігіттің отау құруына септігін тигізген аталмыш ұйымдастыру орталығының қызметкері күніне бір емес бірнеше сөз салу салтанатын өткізетіндерін айтады.

Бұл салада жұмыс істеп жатқанымызға 1 жылдан аса уақыт болды. Орташа есеппен күніне біздің ұйымдастыруымызбен 4-5 сөз салу өтеді. Тапсырыс берушілердің көбі құны 75 мың теңге тұратын вип пакетті таңдайды. Себебі, ішінде спецэффекты болады, оформление өте жоғары деңгейде жасалынады және сөз салып болған соң жұп біздің куполымызда отырып, әңгімелеседі. Сол себепті өте тиімді пакеттердің бірі,

дейді Ерқанат Еркінбек.

Сондай-ақ, ол тосыннан жасалған ұсыныс та өте ерекше болатынын атап өтті.

Тосын сый ретінде жасалатын ұсыныстар қыздың ғана емес, біздің де есімізде ерекше сақталады. Солардың бірі — Қапшағайда болған ұсыныс. Ол өте ерекше ұсыныстардың бірі болды. Кездесудің басында қыз жай ғана кездесу деп ойлап қалған, сосын екеуі орнынан тұрып суретке түсіп жатқанда холодный фонтандар атылып, өте әдемі көріністе сақинаны ашылды. Жігіт ұсыныс жасағанда қыз жылап жіберген еді.

Үйленуге ұсыныс жасау үшін тек ғана шоу-бағдарлама жеткіліксіз. Әдемі гүл шоғы мен алтын немесе гауһар таспен көмкерілген сақина да қажет. Оларды әркім қалтасына қарай алатыны белгілі. Десе де орташа бағаны есептеп көрелік. Мәселен, 55 розадан тұратын орташа букеттің бағасы 45000 теңге. Ал, алтын сақина 30000 теңгеден басталады. Сонда ең арзан деген ұсыныстың құны 115 мың теңгені құрайды екен.

Ал, әрі арзан әрі ерекше ұсынысты қаласаңыз ұшақ бортында да сөз салуға болатынын біле жүріңіз. Оның құны біз жоғарыда есептеген қаражаттан салыстырмалы түрде арзан болады. Мысалы, Qazaq Air әуе кемелерінің бортында болашақ жарыңызға естен кетпес ерекше ұсыныс жасаудың құны 5800 теңгеден басталады екен.

Ол үшін Flyqazaq.com веб-сайтында билеттерді брондау кезінде «Борттағы құттықтау» қосымша қызметін таңдайсыз. Бір сағаттың ішінде сізге әуе компанияның қызметкері қоңырау шалып, тапсырысты қабылдап, экипажға ұсынысты жібереді. Ұшу кезінде сізбен келісілген уақытта, бортсеріктер сіз сатып алған сыйлықтарды немесе гүл шоқтарын сыйлап, динамик арқылы ұсыныс жасап, құттықтайды. Ұсынысты ішкі және халықаралық рейстерде де жасауға болатынын ұмытпаңыз.

Біз заманауи ұсыныстың бірнеше түрін талдап көрсетуге тырыстық. Талғамға талас жоқ. Өміріңіздегі маңызды қадамды қалай жасасаңызда өз еркіңізде. Ең бастысы, өз отауын тігіп жатқан әр отбасы бақытты жанұялардың қатарынан табылғай.

Сая Манарбековна 29.08.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Самұрық-Қазынаның» бар жұмысы – басшыларға бонус беру
  • Аффирмация мен медитация расымен өміріңді өзгертеді
  • «Ақ параққа жазып бақытымды тіледім»: 46 жасында ұзатылған әйел желіні шулатты
  • Алматы облысында зорланған егіз қыздың анасы қамауға алынды
  • Елде уахабистерге жағдай жасауға көмектесетін мемлекеттік қызметкерлер бар

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ИнсайдерЭкономика

«Самұрық-Энерго» Ресейдің ескі технологиясын алмақ

28.09.2023
Инсайдер

Басқыншылар Украинада қанша қызды зорлады?

23.08.2023
Инсайдер

110 жастағы қария төртінші рет үйленді

22.08.2023
Инсайдер

Англияда 2672 қазақ жүр

16.08.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?