Танымал ресейлік «ВКонтакте» әлеуметтік желісі қосымшасы App Store дүкенінде қайта пайда болды.
Енді «ВКонтакте» белгілі бір функцияларына арналған VK Music, VK Clips, VK Calls, VK Messenger қосымшалары Apple интернет-дүкенінде қайтадан жүктеп алуға болады. VK брендінің «Mail.ru», «Облако Mail.ru» және «Маруся» мен «Юля» басқа қосымшаларын жүктеу мүмкіндігі қалпына келтірілді.
«ВКонтакте» қосымшасын iOS қолданушылары қайтадан пайдалана алатыны туралы хабарды Vc.ru растады.
Біз Apple компаниясының сүйікті сервистерін қолданушыларға қайтару туралы шешімін құптаймыз,
делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, ВКонтакте мен Mail․ru App Store-дан өшірілген еді. Кейін Apple компаниясы өкілі Адам Дем VK қолданбасын «Ұлыбритания үкіметі санкция салған компания басшылары мен иелерінің көбі ілгерілетіп отырғанын» айтты. Apple санкцияны сақтауды жөн көрген.